Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу т.б.
1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіру мақсатында түзету—дамыту жаттығулары,тренинг өткізілді.
Мектеп психологы: Мырзаханова Б.Қ.
https://48-mektep.edu.kz/psikhologiyaly-yzmet/700-mektepke-kelu-r-balany-mirindegi-tpeli-keze-2.html#sigFreeId0129365758