2001 жылы 1 қыркүйекте - Ақтөбе қаласында №48 орта мектеп ашылды.
Оқу орнының аталуы – Ақтөбе қаласы әкімдігінің
«№48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Мекен- жайы – Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр көшесі, 14/8
Оқытылатын тілі – мемлекеттік
Жоба қуаттылығы – 400 орындық
Мектептің ашылуы -2001 жыл
Мектептің жалпы көлемі – 2056 кв м2
Мектептегі оқушылар саны – 238
Мектептегі педагог саны – 27
Мәжіліс залы – 105 орын
Мектеп асханасы – 80 орын
Оқу кабинеттерінің саны – 19
Спорт зал – 1
Мектеп директоры – Абуова Карлыга Когабаевна
2022-2023 оқу жылындағы мұғалімдердің біліктілік сапалық құрамы: Педагог зерттеуші -5, педагог -сарапшы-4, педагог –модератор -5, педагог-10, жоғарғы санатты -2, екінші санатты-1, декреттік демалыста-7. 238 оқушыға білім беруде. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді.
Мектептің миссиясы:
Жаңашылдыққа бейім, ойлау дағдысы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны дамытуға бағытталған жайлы орта құру.
Мақсаты: Білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіру, білім беру үрдісінде озық әдістемелер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда жан-жақты ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаңашылдық
- Әлеуметтік сұраныстарға сәйкес білім беру үрдісінде жаңашылдыққа бейім кәсіби орта құру;
- Сандық технологияны пайдаланудың оңтайлы әдістерін қолдану;
- Білім алушылардың сыни ойлау, креативтілік, коллаборативтік, коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Ойлау дағды
- Оқушының өздігінен жұмыс жасауын нығайту, зерттеу мен ой икемділігін оқушылардың танымдық белсенділігі арқылы жүзеге асыру;
- Оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасау;
- Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстарын кеңінен қарастыру;
Ұлттық құндылықтар
- Қазақ халқының құнды ойларын, олардың өмірлік тәжірибесін қолданып, құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық тәрізді ұлттық рухты, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- Ұлттық болмысты дәріптеуге бағытталған тәрбиелік іс-шаралар мен шығармашылық жобалар ұйымдастыру.