Бүгін 08.06.2024 күні сағат 16.00 де #48 ЖББОМ 2004 жылы бітірген түлектер 20 жылдан кейін алтын ұя мектебіне келіп сәлем беріп, ұстаздарымен кездесті.Тақырып айтып тұрғандай сол кездегі балапандардың бірі аққу боп , бірі қыран болып айдын көлдеріне оралды.
Қазіргі таңда қандай маман иесі екендігін, жетістіктерін айтып, ұстаздарына алғыс білдірді. 2004 жыл алғаш рет ҰБТ өткен жыл екенін еске салды. Түлектер биыл бітіргелі отырған түлектерге қарап, өздерінің 20 ж бұрынғы сәттерін еске салып, тілектерін білдірді.
Сол кезде сабақ берген ардагер ұстаздар да шақырылып, дәріс беріп , алдарынан өткен шәкірттерінің қазіргі өскен, өнген шақтарын көріп, еңбектерінің еш кетпегеніне риза болды.
*Еске ала ма, аялы сәттің бәрін..
Қия алмай ма, айдындай шат құндағын.
Мен байқадым, балапан жанарлардан,
Мөлдір шықтар тамуға шақ тұрғанын.
Сіз, осы сәт ұқсайсыз, айдын көлге,
Ұшырған аққуларын,
Айдын көлдің бетіне асылды күн,
Мейірімді шуағын шашып нұрын.
Қуана ма, әлде сәл, мұңая ма,
Ұзатқандай жастығын жасыл күнін.
Бір діріл бар әйтеуір кеткендей ме,
Өзгеріп ғасыр бүгін.
Артта қалып, бал құндақ жер кешегі,
Балапандар құз асып, сең кешеді,
Жандарында сіз жоқсыз енді олар,
Өмірменен бетпе-бет тілдеседі.
Тірлік осы атады жаңа таңдар,
Жаңа таңдар алмасқан алақандар,
Бірақ ертең аққу боп айдынына
Оралар балапандар...
Түлектерге ақ тілегімді білдіріп, ризашылық танытып..осы өлеңді оқып бердім..
Шын, ол ақиқат. Айдын көлге оралар балапандар..Міне , тұлымшағы желбіреген бойжеткен мен боз бала 20 жылдан кейін бір-бір маман иесі болып алтын ұя мектептеріне келіп сәлем берді.