"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысын өткізді
Ақтөбе қаласы "N48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де, 02.05.2024 күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мангибаева Б.Т 8 - 11 сынып қыздарына "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы жайлы түсіндіріп, мектеп ережесін еске сала отырып, мектеп формасын сақтауды қатаң түрде ескертті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адам бойындағы құнды қасиет екенін түсіндіру. Жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.