"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Алтын ұя мектебім"

"Алтын ұя мектебім"

Сөзі: Шанық Ақниет Рүстемқызы
Бастауыш класс мұғалімі, аға тәлімгер

Болашақтың қалап ірге тастарын,
Шәкірттерді нұрлы өмірге бастадың.
Кемесі боп оқу деген айдынның
Білімді еттің еліміздің жастарын.

Болсадағы мектеп шағын көлемде,
23 жыл тарихы бар тереңде.
Қазақ мектеп тапшы кезде ашылып
Шықты мұннан талай дарын, кемеңгер.

Күрескен ер азаттықтың жолында,
Ұлы батыр найзасы бар қолында.
Бұл мектептің ерекше бір тұсы бұл
Орналасқан Сәңкібайдың бойында.

48 жалпы білім беретін,
Орта мектеп, білім дәнін себетін.
Шәкірті бар 200 ден асатын
Құтты ұяға құлшыныспен келетін.

Мектебінің жайын ойлап тынбаған,
Талай сынға қарсы тұрып сынбаған.
Басшысы бар Қарлыға Қоғабайқызындай
Ұжымы мен шәкірттерін шындаған.

Шәкірті мол алға ұмтылған білімді,
Бағындырды жеңіс деген тұғырды.
Бірлігі мол ұжымымен жарасқан
48 мектеп болсын ғұмырлы!


@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@gani.beisembayev