Ақтөбе қаласы "N48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де 19.04.2024 күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында әкенің бала тәрбиесіндегі ролі мақсатында іс - шара өткізілді. Мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы өз сөзінде әкенің бала тәрбиесіндегі ролі, бір әкенің тәрбиесін, 100 мектеп бере алмайтынын атап өтті.Бүгінгі ата-ана мен педагогикалық ұжымның бір мақсаты бала тәрбиесіне ұлттық құндылықтарды бере отырып, азамат етіп тәрбиелеу екенін баса айтты. Әкелерді келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғысын білдірді. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, әкелерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Бисенов.Б.Қ автоматты шашып жинауды көрсетіп, дене шынықтыру пәні мұғалімі Төрегалиев.Б.Б әкелер арасында спорттық ойындар ұйымдастырды. Мектеп психологы Мырзаханова.Б.Қ әкелерге "Шаңырақ" тренингі арқылы, бірлікке шақырды.
Мақсаты: Мектеп пен отбасының қарым – қатынасын нығайту, бала тәрбиесінде әке рөлін арттыру. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@gani.beisembayev
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбе_облысы
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында әкенің бала тәрбиесіндегі ролі мақсатында іс - шара өткізілді