"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар! Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №38 қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 25 маусымынан бастап меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Кезекші топтар да болмайды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымға, мектепке қабылдау да 1 тамызға дейін уақытша тоқтатылады. Өйткені, емханалардың карантинге жабылуына байланысты балалардың денсаулығы туралы 026/у және 063/у нысанды анықтамаларды алу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, құжат тапсырып үлгермеген ата-аналардың бұған ешқандай алаңдауына себеп жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғаннан кейін, барлық балалар мектепке дейінгі ұйымға, мектепке де толық қабылданатын болады.Бұның барлығы балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.


Сонымен қатар консультациялық көмек көрсету үшін білім басқармасында Жедел желі, сенім телефондары: 55-17-92, 54-03-52, 8-702-031-25-22, басқарма басшысы: Л. Уразбаеваның 8 701 722 05 63 ватсап нөмірі күні-түні жұмыс жасайтындығын назарларыңызға саламыз. Дендеріңіз сау болсын, ауырмаңыздар. Барлық сақтық шараларын ұстаныңыздар!
Ақтөбе облысының білім басқармасы