2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай "Алғыс жүректен шығады" атты Жас Ұландықтармен ата-аналар арасында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:оқушылардың "сыйластық"құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.