"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Оқушының бос уақытын қалай тиімді өткіземіз?

Ақтөбе қаласы “№48 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-де 2023-2024 оқу жылында жоспарланған үйірмелер мен қосымша білім беру ұйымдарымен жасасқан келісім-шарт негізінде жүргізілетін үйрімелер мен спорттық секциялар өтеді.

“Домбыра” “Би” “Футбол” “Волейбол”(ұлдар) “Волейбол“(қыздар) “Баскетбол” “Бес асық” “Биолог-өлкетанушы” “Жас-экскурсовод”. Аталған үйірмелердің мақсаты: Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, өзара қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, өмір дағдыларына бейім, жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға тәрбиелейтін ынтымақты орта құру.

Міндеттері:
- Елін, Отанын сүйетін, құрметтейтін тұлға қалыптастыру; - Тарихи, дара тұлғалардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ ұлының, қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру; - Құқықтық сауаттылық және мәдениетін қалыптастыру;
- Ұрпаққа ұлттық тәрбиені дәріптеу;
- Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
- Қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұштастырып, өмірлік дағдыларды меңгерту.

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@obrazovanie_gorod_aktobe

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

#біртұтас_тәрбие_ақтөбе_облысы