Ақтөбе қаласы "N48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де, 06.03.2024 күні 8-наурыз аяулы Аналар мен нәзік жанды қыздардың мерекесіне орай және"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 5-8 сынып қыздары мен аналары арасында "Ана мен қыз, ай мен жұлдыз" байқауы өткізілді. "Республикалық дәстүрге жол аналары" бірлестігінің мүшесі, "Шолпы қыздар клубы" жетекшісі, еңбегімен еленген жан Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қонақ болып, байқауда төрелік етті. Көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, байқау соңында қатысушылармен ұстаздарға қазақ әйелінің қасиеті болар ақ жаулық тағып, қазақтың салт-дәстүрімен оқушыларға шашу шашты. Мерекелік шара өте көңілді, құндылыққа толы болды.
Нәтижесі:
Бас жүлде
8-сынып оқушысы Қарабалақова Аяулым мен анасы Қарабалақова Нұргүл.
1-орын
7-сынып оқушысы Абуталып Дилназбен Утарова Айгүл.
2-орын
6-сынып оқушысы Серікбай Анел мен анасы Аманова Динара
3-орын
5-сынып оқушысы Ермуканова Айнара мен сынып жетекшісі Қарағұлқызы Мекенжан.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@gani.beisembayev
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбе_облысы