"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Ақтөбе қаласы "№48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ - де, 01.03.2024 күні 1 - наурыз Алғыс айту күніне орай, ұстаздар мен оқушылардан құралған "Екі жұлдыз" байқауы өткізілді

Ақтөбе қаласы "№48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ - де, 01.03.2024 күні 1 - наурыз Алғыс айту күніне орай, ұстаздар мен оқушылардан құралған "Екі жұлдыз" байқауы өткізілді. Мерекелік шара мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызының ұстаздар мен оқушыларды, барша қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтап, өзінің ақ тілегі мен алғысын жеткізуімен басталды. 3 - сынып оқушылары "Париж" биімен көрермендердің қошеметіне бөленді. Байқауға 5 жұп қатысып, әсем әуендерімен мерекелік көңіл - күй сыйлады. Нәтижесі: Бас жүлде Қазақ тілі пәні мұғалімі Есенова Гүлдәурен Жунелбекқызы мен 9 - сынып оқушысы Абдулова Томирис. 1 - орын АӘТД пәні мұғалімі Бисенов Баубек Куанышкалиевич пен 2 - сынып оқушысы Баубекқызы Майя. 2 - орын 10 - сынып оқушылары Жұмаберген Саяжан мен Мұхамбетқалиева Перизат. 3 - орын 11 - сынып оқушылары Сапиев Динар мен Елубай Мирас. 3 - орын АӘТД пәні мұғалімі Бисенов Баубек Куанышкалиевич пен 11 - сынып оқушысы Жидебай Ақжүніс