"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оған сәйкес декларациялау туралы түсіндірме жұмысы өткізілді

Ақтөбе қаласы "N48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де, 01.02.2024 күні мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оған сәйкес декларациялау туралы түсіндірме жұмысы өткізілді. "Жалпыға бірдей декларациялаудың басты мақсаты әлеуметтік саясатты жетілдіру, көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға кіру кезінде жеке тұлғалар декларацияның өзінен және оған алты қосымшадан тұратын жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны ("кіру" декларациясын, 250.00-нысан) ұсынуы қажет. Содан кейін, "кіріс" декларациясын тапсырғаннан кейін, келесі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00 - нысан) ұсыну бойынша міндеттеме пайда болады", - деп түсіндірілді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy