"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

№48 жалпы білім беретін орта мектебінде желтоқсанның 8-і күні Гуманитар және тарих бірлестігі онкүндігінің аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері шақырылды

№48 жалпы білім беретін орта мектебінде желтоқсанның 8-і күні Гуманитар және тарих бірлестігі онкүндігінің аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері шақырылды. Музей қазіргі таңда халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған мәдени ошақтардың бірі. Мектебімізге келген мамандар әртүрлі тақырыпта дәріс оқып, музей қорынан ала келген құнды дүниелерді оқушыларға таныстырды. Келген мамандар:
1.Арман Құдайбергенұлы Ержанов -Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым-хатшысы;
2.Айбек Сламғалиұлы Ертеміров-“Қазіргі заман тарихы” ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісі;
3.Фархад Маратұлы Мұстафин-“Қазіргі заман тарихы” ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері; 4.Қайрат Әбенұлы Талжанов-“Қазіргі заман тарихы” ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері;
Көне жәдігерлерді көзбен көріп, қолмен ұстап көрген мектеп оқушылары көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Құнды дүниелердің қайталанбас ерекшеліктері бар.
Мектеп басшысы К.К.Абуова келген мамандарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Шараны ұйымдастырған: тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне Алғыс білдіреміз.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@obrazovanie_gorod_aktobe