Ақтөбе қаласы “№48 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
24.11.2023ж
“ИФМ және Жаратылыстану” әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Тақырыбы: “Шебер мұғалім-сапалы сабақ”
Максаты:
Еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
- Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;
-Жаңа қоғамдагы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;
-Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.