"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

«Әлия-қаһармандық дастаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласы «N48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де, 24.11.2023 күні қалалық туристер стансасының басшысы Бақбергенова Алёна Исламқызының басшылығымен «Әлия-қаһармандық дастаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің кіші ғылыми қызметкерлері Тугулгалиева Адина Исатайқызы және Жолдиева Назерке Мұратбекқызы оқушыларға Әлия Молдағұлова батыр қыздың ерлігін баяндап, түрлі сұрақтар қою арқылы білімдерін шыңдады.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін дамытуда тәуелсіз елдің құндылығын, батырларымыздың ерлігін насихаттау. Танымдық тәрбие беру.