"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Педагог қызметіне "enbek.kz" сайтына жарияланған бос орындар:
Ақтөбе қаласы "№48 Жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-нде" педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы No57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 No 259 және ҚР Премьер- Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 No 343 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Педагог қызметіне "enbek.kz" сайтына жарияланған бос орындар:
Математика пәні мұғалімі -1орын (16 сағат) Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының
"enbek.kz" сайты арқылы білуге болады; Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат қағиданың 118-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінің ішінде электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады:
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
7) психоневрологиялық ұйымнан
анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан
анықтама;
(9) сертификаттаудан ету нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес
қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы
пәндер
бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық, қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер
сертификаттаудан өтуден босатылады.
11)11-косымшаға сәйкес нысан бойынша
педагогтің бос немесе уақытша бос
лауазымына
кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
12) Тәжірибе жоқ, кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдығы - 720 × 480.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02 қараша
-13 караша 2023 жыл. (хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі)
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.