"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Ақтөбе қаласы «№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – де 27.10.2023 күні, 1-тоқсанды қорытындылауға арналған саптық жиын өткізілді

Саптық жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, мектеп директоры Абуова Қарлыға

Қоғабайқызының хабарландыруымен жалғасты. Қарлыға Қоғабайқызы оқушыларға күзгі каникулдің мерзімін хабарлап, демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

1. Жол қозғалыс ережесін сақтау;

2. Өрт, су қауіпсіздігін сақтау;

3. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, көліктеріне мінбеу.

4. Кешкі 22:00 ден кейін көшеде жүрмеу;

5. Демалысты, бос уақытты тиімді пайдалану;

6. Мектептегі қосымша сабақтарға, спорттық секцияларға, үйірмелерге қатысу;

Мектеп директоры оқушыларды жоғарыда аталып өткен барлық ережелерді қатаң ұстауға шақырып, күзгі каникул мерзіміне сәттілік тіледі.

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@obrazovanie_gorod_aktobe