"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

«Мерекелі, берекелі алтын күз» апталығы жұмысына сәйкес

N48 ЖББО-мектепте 16-20.10.2023 аралығында жоспарланған «Мерекелі, берекелі алтын күз» апталығы жұмысына сәйкес, 5-7 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы-2023» байқауы өтті.
6 кезеңнен тұратын байқауда, оқушылар өздерін таныстырып, сұрақтарға жауап беріп логикалық ойлау қабылеттерін көрсетті. Үй тапсырмасы бойынша күз мезгілінің берекесі болған жемістерден, дәрумендерге бай дайындалған ас мәзірін ұсынды, өнерлерін ортаға салды,
Байқау қорытындысы:
?Бас жүлде, «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы»
7-сынып оқушылары Мұхамбет Али мен Бауыржанова Ұлболсын.
?1-орын 5-сынып оқушылары Рафихқызы Руфия мен Әбдібай Жаһангер
?2-орын 6-сынып оқушылары Туремуратов Дамир мен Мәлік Назерке