"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

N48 ЖББО-мектепте 13.10.2023 күні, «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында, «Домбырам менімен егізбе едің?» тақырыбында, домбыра аспабында ойнау күні аталып өтті
N48 ЖББО-мектепте 13.10.2023 күні, «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында, «Домбырам менімен егізбе едің?» тақырыбында, домбыра аспабында ойнау күні аталып өтті. Мектеп ұстаздары мен оқушылар ұлттық киім киіп,әр үзілісте, домбыраның сыңғырлаған әуенін тыңдады. Домбырашы ұстаздар мен оқушылар күй орындап, ерекше көңіл күй сыйлады. Мақсаты: Қазақтың қара домбырасын ұлықтау. Оқушылардың мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. @aqtobe_bilim_basqarmasy @obrazovanie_gorod_aktobe