"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

N48 ЖББО-мектепте 12.10.2023 күні, «төрт тоқсанға - төрт өнер» жобасы аясында, «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен, «Қара сөздің жауһарлары» - әдеби іс-шара өткізілді

N48 ЖББО-мектепте 12.10.2023 күні, «төрт тоқсанға - төрт өнер» жобасы аясында, «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен, «Қара сөздің жауһарлары» - әдеби іс-шара өткізілді. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызы, Әлем халықтары жазушылары одағының Батыс аймақ директоры, ақын Жарқынай Тажаяққызы, мектеп аға тәлімгері, ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Ақниет Рустемқызымен кездесу өтті. Оқушылар ақындардың шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды. Гүлімай Әбішқызы мен Жарқынай Тажаяққызы өздерінің кітаптарын мектеп кітапханасына сыйлады. Мақсаты: Оқушыларға өлкеміздің қаламгерлерінің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау. Кітап оқуға құлшынысын арттыру.

@obrazovanie_gorod_aktobe

@aqtobe_bilim_basqarmasy