"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Төрт тоқсан-төрт өнер

Мектебімізде «Төрт тоқсан-төрт өнер» және «9 айға-9 іс-шара» жобасы аясында, қазақ әдебиетінің 20 - ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, ақын, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80-жыл толуына арналған «Алтайдың асқақ жыршысы -Оралхан Бөкейхан» атты, әдеби кеш өткізілді. Мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары қатысып, қаламгердің жырларын, шығармаларын оқыды. Қазақ тілі пәні мұғалімі Ақмарал Аманбайқызы Бәйішев кітапханасынан О.Бөкейханның кітаптарын әкеліп, оқушылардың ақынның шығармаларымен терең танысуы үшін өз үлесін қосты.
Мақсаты: Жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, жазушының шығармалары арқылы адамгершілікке, барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға баулу.