"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Мектепте Тілдер күніне арналған «Тіл-татулық тірегі» атты іс-шара ұйымдастырылды

Мектепте Тілдер күніне арналған «Тіл-татулық тірегі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ұстаздарды, оқушыларды тіл мерекесімен құттықтап, қазақ тілінің құндылығы туралы түсіндірді.Шараға мектеп оқушылары, мектеп ұстаздары қатысты. Мерекеге арнап оқушылар өлең оқып, ән шырқады. Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.Ақын, әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, мектебіміздің тәлімгері Ақниет Рустемқызы және қазақ тілі пәні мұғалімі Ақмарал Аманбайқызы өздерінің жүрек жарды туындыларын оқып берді.

Қазақ тіліміздің мәртебесі биік болсын!

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@obrazovanie_gorod_aktobe