Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай N48 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры К.К.Абуованың басшылығымен «қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Астана ауданы әкімдігі жанында «Тіл- татулықтың тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуге шақыру. Оқушылардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру. Мерекелік іс-шараға ардагерлер мен тіл жанашырлары,»Алаш» қоғамдық бірлестік мүшелері, ата-аналар қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Астана ауданы әкімінің орынбасары Ж.Төлегенов мерекеге қатысқан мұғалімдер мен оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/567-til-tatuly-ty-tiregi.html#sigFreeId38c081ac96