Акцияның мақсаты: мектебіміздегі көмекке мұқтаж отбасының балаларына қолдау көрсету. Мектептен жолданған сұраныс-хатты жауапсыз қалдырмай, Астана ауданы әкімдігі 3 балаға 40 000 теңгеден сертификат сыйлады және Ақтөбе нексия клуб мүшелері 2 баланың оқу-құралдарын, мектеп сөмкесін алып берді.
Игі іс жасап, балаларға қуаныш сыйлаған Астана ауданы әкімдігі мен мектеп әкімшілігі атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз берекелі, әр күндеріңіз мерекелі болсын!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
Ақтөбе қаласы №48 орта мектебі КММ бойынша дәстүрлі Республикалық "Мектепке жол акциясы" ұйымдастырылды