Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
-ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
-Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
-Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
-Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
-Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Құндылық- мінез-құлық, ішкі сенім, тұжырым жасау, шешім шығаруға керек негіз. Сондықтан да Біртұтас Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру бағдарламасы кісілік келбетті айқындайтын ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, ТАЛАП, АР-ҰЯТ құндылықтары арқылы білім алушылардың тәрбиесін ізгілендіруді мақсат етеді. Қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген біртұтас ұлттық тәрбие бағдарламасын «Балабақша-Мектеп-Колледж» арасында іске асыру көзделеді
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 1-НЕН БАСТАП, БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ" ЕНГІЗІЛЕДІ