"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Ақ жол , саған , Жас түлек-2023! Армандаңыздар сол арманда зор мән бар! Түлектер, сіздерді арманның ақ желкені шақырады! Сәт сапар, Жас түлек!

Бүгін түлектер үшін ерекше күн...

Бүгін "48 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ түлектеріне орта мектепті бітіргендігі туралы Аттестат тапсырылды. Мектеп директоры К.К.Абуова түлектерді, ата-аналарды, ұстаздарды аттестат тапсыру " ЖАС ТҮЛЕК-2023 " салтанатты мерекесімен құттықтап, қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтиханның білім сапасын атап өтті. Жас түлек Бридун Дана Сергеевна Алтын белгі иегері атанды. Ата-аналарға, ұстаздарға жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғыс айтып ата-аналарға Алғыс хат тапсырылды. Жекелеген пәндер бойынша жоғары жетістік көрсеткен түлектерге Мақтау грамоталары тапсырылды. Түлектер алтын ұя мектебіне, ұстаздарына Алғыс айтып лебіздерін білдірді. Ата-аналар ұжымы да ұстаздар қауымына Алғыс білдірді.Ұстаздар түлектер алдында арман мен мақсат бар екенін еске салып сол мақсатқа еңбекпен, біліммен жетіңіздер деген ниеттерін, құттықтауларын жеткізді!
Ақ жол , саған , Жас түлек-2023! Армандаңыздар сол арманда зор мән бар!
Түлектер, сіздерді арманның ақ желкені шақырады! Сәт сапар, Жас түлек!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy