"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің 3 - ші күні

"Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің 3 - ші күні жоспарға сәйкес өткізілді. Балалар таңертең таңғы жаттығулар жасап және таңғы астан соң, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Оқыған ертегілерінің желісі бойынша мазмұндарын айтып, ертегі кейіпкерлерін сомдады. Сонымен қатар эстафеталық спорттық жарыс өткізіп, өзара сайысты. Балаларға бүгінгі күн қызықты өтті.

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@obrazovanie_gorod_aktobe