Бала тәрбиесі-жауапты іс.
Мектеп пен ата-ананы байланыстыратын ортақ қызмет бар, ол-бала тәрбиесі. Балаңызды мектепке білім алуға жібересіз, мектеп білім бере отырып тәрбиелейді. Бірақ баланың бас ұстазы өзінің туған ата-анасы. Бала өзінің отбасынан нені көрсе, соны мектепте жасайды немесе қоғамда сол тәрбиені көрсетеді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген бар. Оны өмірдің тәжірибесінен көріп келеміз. Ата-ана баланы дүниеге әкелген соң, сол баланың азамат болып кетуіне дейін еңбек сіңіруіне міндетті. Кейбір ата-аналардың берген тәрбиесі «баламды жылтыратып құрбыларының алдында киіндірсем, қарнын тойдырсам, қолына қымбат ұялы телефон алып берсем болғаны, мен баламды ешкімнен кем қылмай тәрбиелеп жатырмын» деп ойлайды. Ойланайық, осы дұрыс па, бұл жеткілікті тәрбие ме? Әрине, киіндіру, тамақтандыру, ата-ананың міндеті.Тәрбие мұнымен шектеліп қоймайды. Ақпараттық құралдан естіп, оқып отырған жағдайлардың барлығы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі босаңдығы деп есептер едім. Себебі келеңсіз жағдайлардың (жасөспірімге автокөліктің кілтін, жүгенін беріп қою, жасөспірімдердің жиналып алып көлікті айдап кетуі, түнгі мезгілдерде бақылаусыз жүру, жиналып алып пәтер жалдап кештер ұйымдастыру, сұрусыз бөгде адамның қымбат бағалы заттарын алу,ұрлыққа бару, жалған сөйлеу, темекіге әуестену, электрондық темекілерді қолдану, суық қару ұстауға әуестену, т.б жағдайлар) орын алуы. Тәрбие-күрделі жүйе, күрделі мәселе. Оны ұсақ-түйекке балауға болмайды. Балаларға үнемі өмірқауіпсіздік ережелерін айтып отыру қажет. Мәселен, көше ережесі, өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, Көбінесе педагогтардың көріп, естіп келе жатқаны, ата-анаға баласы туралы мәселемен мектепке келіп кетіңіз немесе баласы туралы мәселе қозғаса ата-ананың жауабы «Мен жұмыстамын, біз жұмыстамыз, қолымыз тимейді» деген жеңіл жауапты көп еститін кездер кездеседі. Әрине, жұмыс жасау, қоғамға еңбек ете отырып, жанұяны асырау әрбір адамзаттың міндетті парызы. Бірақ бірінші жұмыс баласының тәрбиесі екенін кейбіреуіміз естен шығарып жатамыз.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy