"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП"
("Дара жол" бағдарламасы  негізінде зейнетке шыққан ұстаздардың шығармашылық кеші)
Ұстаздық жолда 40 жыл көлемінде еңбек еткен ұлағатты ұстаздар Туребекова Мирамгул Қуандыққызы, Мұхамедиярова Бағила Ізбасарқызы, Қарасаев Тлеген Тасқалиұлының 
"Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында 
"Дара жол" бағдарламасы аясында шығармашылық кеші өткізілді.
Ұстаздар  өткен сара жолдарына есеп беріп, қайта бір жаңғыртты.
Ұстаздық жолдың қиыны мен қызығын бөлісті.Ұстаздар алдынан дәріс алып қанат қаққа түлектер келіп тілектерін білдіріп, әсем әндерін тарту етті.
Ұстаздар жүзі бал-бұл жанды.Мектеп басшысы Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ұстаздардың  білім саласындағы өлшеусіз еңбектерін атап өтіп Алғыс хаттар тапсырды.Бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлықтар, гүл шоқтары тарту етілді.
Бейне той өтті.Осы жерде Т.Айбергеновтің "Бір тойым" өлеңі еске түседі. Әрине бұл тойдың мәңгілік тарқамай жалғасын табатынын барлық ұстаздар мен шәкірттер жүрекпен түсінгендей болды.
Әрине әр ұстаздың өз Дара жолы бар деп кеш өз мәресіне жетті.
@obrazovanie_gorod_aktobe 
@aqtobe_bilim_basqarmasy