Қаскүнемдер күннен күнге белсене түсіп, түрлі телефон нөмірлерінен қоңырау шалады және үнемі ақша туралы сөз қозғайды. Олар азаматтардың дербес деректері мен төлем ақпаратын қолға түсіру және олардың ақшасына қол жеткізу үшін барлық айла-шарғыларға барады.
Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызмет қызметкерлері ретінде таныстырулары мүмкін, бірақ олар жиі жағдайда банктен хабарласып тұрмыз деп айтады.
Алаяқтар адамдарды мезі етіп, әлеуетті құрбанына күніне бірнеше рет телефон соғып, әбден жүйкесіне тиеді.
Егер сізге банк қызметкерлерінен қоңырау түссе, әңгімені бірден тоқтатыңыз. Есіңізде болсын, нағыз банк қызметкері, банктердің байланыс
орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды ақпарат тек алаяқтарға қажет.
Егер күмәнданған болсаңыз, сізге қызмет көрсететін банктің Call-орталығына өзіңіз хабарласып біліңіз.