№48 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай тыл ардагері Абдуалиева Жұпар әжеміздің үйінде болып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Жұпар әженің жолдасы марқұм Абдуалиев Дармұхамбет Ғазизұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, бұл кісілердің 9 баласы, 30 немересі, 30-дан астам шөбересі бар. Қарт ана мектеп оқушыларына қиын-қыстау жылдар туралы айтып, қыздары әкелері туралы естеліктерін айтып,еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты бағалау керек екенін айта келе, жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.