"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Бүгін Ақтөбе қаласы, Астана ауданына қарасты Сәңкібай батыр 14/8 мекен-жайында орналасқан №48 жалпы білім беретін орта мектебі оқушыларымен В.И.Пацаев ескерткішіне «Ерлікке тағзым» шарасы аясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп,қайраткердің рухына тағзым еті

Бүгін Ақтөбе қаласы, Астана ауданына қарасты Сәңкібай батыр 14/8 мекен-жайында орналасқан №48 жалпы білім беретін орта мектебі оқушыларымен В.И.Пацаев ескерткішіне «Ерлікке тағзым» шарасы аясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп,қайраткердің рухына тағзым етілді.

Виктор Иванович Пацаев — КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры.

1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында туған.

Пенза индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітіргеннен кейін (1955), КСРО Гидрометеорология қызметінің Орталық аэрология обсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті.

1969 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды.

1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтармен бірге ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблі «Салют» ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық барлығы 25 тәулік болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталып, Жерге қону кезінде түсу аппаратының герметикалылығы бұзылуы салдарынан экипаждың басқа мүшелерімен бірге қаза тапты.

Ленин орденімен марапатталған.

Қызыл алаңда Кремль қабырғасына жерленді.

Пацаев атында Ақтөбеде көше, алаң, мектеп, шаруашылық ұжымдары бар.

Тәуелсіздік жолында жанын қаған азаматтарды болашақ жастарды тәрбиелеу үшін әр кез еске алып,еңбектерін жаңғыртып,халыққа насихаттауымыз қажет.

Игі шараға Ақтөбе қаласының әкімі Жөребеков Мұрат, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Мырзалин Ахат, облыстық мәслихат депутаты 

Вишняк Сергей Викторович, еңбек ардагерлері:

Есіркепов Аманкелді мен

Жалмұханбетов Бақтығали, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі 

Аманқұл Бислан және тарих ғылымдарының кандидаты 

Бегімбаева Жібек, ұстаздар мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада "48 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ және 33 қазақ орта мектеп оқушылары мерекеге арналған шағын концерт ұйымдастырды.