"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіру, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру
Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіру, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу, желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 14 желтоқсан күні желтоқсан оқиғасының куәгерлері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры - Жүнісов Бауыржан Арыстанұлы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі - Кубекова Бейсенгүл Бегайдарқызы және өзіміздің әріптесіміз Уайсова Зинегуль Закиржановнамен сыр-сұхбат
кеші болып өтті. Кеш барысында желтоқсан оқиғасының шығу себебін бейнелейтін видеоролик көрсетіліп, кеш қонақтары өз естеліктерімен бөлісіп өтті. Сыр-сұхбат барысында оқушылар қонақтарға өз көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, қанағаттарлық жауап алды.
Кеш соңына қарай кеш қонақтарына сыйлықтар тапсырылып, естелікке суретке түсті.