Мектебімізде 1-7 сыныптар арасында «Күзгі жәрмеңке» ұйымдастырылды. Жәрмеңке ұйымдастырудағы мақсат: оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Жәрмеңкені Әлеуметтік педагог Е.С.Удин ашып, сыныптарға сәттілік тіледі. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сусындар сатылымнан өз орындарын тапты.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.
View the embedded image gallery online at:
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/334-mektebimizde-1-7-synyptar-arasynda-k-zgi-zh-rme-ke-jymdastyryldy.html#sigFreeId81832ea788
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/334-mektebimizde-1-7-synyptar-arasynda-k-zgi-zh-rme-ke-jymdastyryldy.html#sigFreeId81832ea788