"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

30 қыркүйек күні «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында салтанатты шара өтті

30 қыркүйек күні «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы Абуова Қарлыға Қоғабайқызы  құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, мектеп ұстаздарын алғыс хатпен марапаттады. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлеріміз шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді.