"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Жанашыр жүрек

Мектебімізде кезекті саптық жиын өткізіліп, республикалық, қалалық, мектепішілік байқауларға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мен сыныптар және мектебімізде өткізілген «Жанашыр жүрек» жәрмеңкесіне атсалысқан ата-аналар марапатталды. Және де мектеп директоры К.К.Абуова оқушылардың күзгі каникулға шығар алдында мектепте бос уақытты тиімді өткізу мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізілетінін айтып өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өмір қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтауды (өрт, су, үшкір зат, көше, зиянды заттардан аулақ болу ережелері) еске салды. Оқушылардың күзгі каникулды сәтті өткізуіне тілек білдірді.
Сонымен бірге мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Г.М.Мукашева құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша толық мәліметтер беріп өтті. Атап айтқанда, жолда жүру ережесін сақтау, кешкі 22:00ден кейін көшеге заңды өкілінсіз шықпау, ойын клубтарына бармау т.б келеңсіз әрекеттерге бармау жағын мұқияттап ескертті.