Бүгін "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ "Қоғамдық келісім" мекемесінде сарапшы-медиатор Азиев Есенбол Амангелдиевичпен және мектеп медиаторларымен бірлескен дөңгелек үстел болып өтті. Медиаторлар арасында ынтымақтастықты нығайту, қала мектептеріндегі медиация кабинеттерінің жұмысын жүйелендіру, ашық есік күндерін өткізу, медиация желісінің тиімділігін мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға кеңінен насихаттау шараларын одан әрі жандандыру да кеңес жұмысының негізгі бағыты ретінде белгіленді. №48 жалпы білім беретін орта мектебінде медиация жұмысының жандануы әрі қарай жалғасатынын, сондықтан кез келген түсініспеушіліктер болып жатса,татуластыру жұмысын жүргізетіндігін еске саламыз.
Ақтөбе қаласында «Мектеп медиациясы» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.