Мектебіміздің аға тәлімгері М.Қ.Құнантаева бастаған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының оқушылары қарт адамдарға көмек көрсету ісін жалғастырып келеді. Оқушылардың бұл қызметінің маңызы зор. Еріктілер клубының қызметі оқушыларды азаматтылыққа, ізеттілікке, үлкендерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Бүгін облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ бастамасымен облыс деңгейінде өткізілетін «Қарттарымыз-асыл қазынамыз» атты акцияға мектебіміздегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының оқушылары ауыл тұрғыны Петрова Светлана Борисовнаның үйіне көмекке барып, ауласының іші-сыртын тазалап, ретке келтірді.
«Маған көмектесуге келген №48 мектептің оқушылары мен ұжымына алғысым шексіз. Біраз жыл болды жалғыз тұрамын. Олар менің ауламды тазартып берді. Жастарымыз қандай керемет, болашағы жарқын болсын», – деді зейнеткер Светлана Борисовна.
«Біз мұндай шараларды жиі өткіземіз. Еріктілермен бірге қарттарға көмектесуді әлі де жалғастырамыз. Ал қала мектептерінің оқушылары қарт адамдарға қыста аулаларының қарын тазалап, үй шаруаларына қосымша көмек көрсетуді жалғастырады» – дейді Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ төрағасы Ж.Табылғанов.
Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ - Мәңгілік Елдің кепілі.
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/309-arttarymyz-asyl-azynamyz.html#sigFreeId06189ce26d