"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес

Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр - сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.


Осы орайда мектепте жаңа оқу жылының басталуымен қатар тәрбиеге қатысты ұйым жетекшілері тағайындалып, "Қызғалдақ" қыздар ұйымының төрайымы М.Кунантаева 5-11 сынып қыздары арасында жиналыс жасады. Жиынға мектеп басшысы К.К.Абуова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Уликпанова қатысып, жиын басында ағымдағы мәселерге тоқталып, қыздарға қатысты ақыл-кеңес пен тәрбиелік мәні бар өнегелік ойларымен бөлісті. Және де мектеп психологы Б.Мырзаханова «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында психологиялық кеңес берді.