Мектебімізде 16 қыркүйек күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, өнерлі оқушыларымыз Берденов Бақтыбай мен Жұмаберген Әсемай ән-шашуын арнап, жұмыстан шаршап келіп отырған ата-аналардың көңілдерін жадырата білді. Содан соң мектеп директоры К.К.Абуова жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, жиынды ашты.Мектеп директоры К.К.Абуова ата-аналарды 2021-2022 оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері туралы айта келе, бала тәрбиесінде мектеп-ата-ана-оқушы арасындағы байланыстың күшейтілуі нәтижесінде сапалы жұмыстардың арта түсетіндігі туралы баса айтты.Жиналыс барысында әлеуметтік педагог Е.С.Удин, мектеп медбикесі А.К.Жумагалиева , Актобе каласы ПБ Астана ауданы 1 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Н.Ж.Қиюбек сөз алды және ата-аналар комитетінің мүшелері сайланды. Жиын соңында педагог-психолог Б.Қ.Мырзаханова «Менің отбасым-бақытты отбасы» атты ата-аналарға арналған тренинг өткізіп,ата-аналар белсене атсалысты.
Жиналыс соңына қарай, мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ата-аналардың жиналыс соңындағы кері байланыста қойылған сауалдарына жауап берді.