"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Педагогтер кәсіби міндетіне кірмейтін құжаттарды толтыруы тиіс емес

ҚР «Педагог мәртебесі» туралы Заңына сәйкес педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

? Оның көлемі 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін барады.

Соңғы жылдары педагогтерді кәсіби міндетінен тыс басқа жұмыстарға тарту мәселесі жиі орын алуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды.

Бұйрықта орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі келтірілген.

Атап айтатын болсам:
‼️ Сынып журналы;
‼️Сабақ жоспары.

Педагогтер күн сайын жоғарыда көрсетілген екі құжатты толтыруға міндетті.

? Сонымен қатар, мұғалімдер оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады.

Сондай-ақ:
Жас педагогтің тәлімгері атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырып, 17 000 теңге үстемеақы алады.

Сынып жетекшісі оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды. Ата-аналар жиналыстарын өткізіп, хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырып, қажеттілігіне қарай жеке істерін жаңартады.

Құрметті педагогтер!
Жаңа оқу жылы қарсаңында тағы бір мәрте толтыруға міндетті құжаттарды назарларыңызға ұсынуды жөн деп шештім.

Егер, жұмысыңызға қажетсіз құжаттарды толтыру немесе педагогтің міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселелері орын алған жағдайда аймақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласуға болатынын естеріңізге саламын.