«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
№3б Қамқоршылық кеңес хаттамасы
Өткен күні: 12.09.2021ж
Қатысқан мүшелер саны: 8
Қатыспағандар саны: 1 (дәлелді)
Қаралған мәселелер:
- Мектеп түлектерінің орналасуы туралы.
Жауапты:Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары А.М.Кулбасова
- «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында арнайы категориядағы аз қамтылған отбасындағы балаларға көрсетілген көмек және жүргізілген жұмыстар туралы.
Әлеуметтік педагог: Е.С.Удин
1.Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Кулбасова сөз алды. Ол өз сөзінде төмендегідей мәлімет берді:
2020-2021 оқу жылында №48 орта мектебі бойынша негізгі орта мектепті бір 9 класс бойынша барлығы 24 оқушы аяқтады, оның қызы-11, ұлы-13. Орта мектепті бір 11 класс бойынша барлығы 17 оқушы аяқтады, оның қызы-9, ұлы-8.Оқушыларға оқу жылы бойы мамандық таңдауға байланысты жылдық жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар, мамандықтар туралы кездесулер, сынып сағаттары, психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
9 класс бойынша 24 оқушының 11-і арнаулы орта білім беретін оқу орындарына тапсырып, грантқа түсті. 1 оқушы басқа мектепке ауысса, мектепте 10-шы класты 12 оқушы жалғастырып оқиды.
11 класс бойынша 17 оқушының барлығы оқуға түсті. Оның ішінде ЖОО-на 14 оқушы, оның 8-і ақылы,6-уы грант иегері. Колледжге 3 оқушы тапсырып,1-еуі грантқа,2-уі ақылы бөлімге түсті.
- Жарыссөзге кеңес мүшелері қатысты.Олар өз сөзінде оқушылардың оқуға түсуінің 100% пайыз құрауы жақсы нәтиже.Бірақ, түлектердің өндіріс саласына, білім саласындағы оқу орындарына түсу мөлшерін арттыру қажет.Қазір бұл мамандықтар сұранысқа ие. Осы мақсатта мамандық таңдау жұмыстарының бағыттарын өзгерту қажет деп ойлаймыз.
- Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Е.С.Удин сөз алды. Ол өз сөзінде елімізде ковид-19 ауруының белең алуы оқу үрдісінің жүргізілуіне көп әсер етті. Өткен жылы барлық кластар қашықтықтан оқытылса, 2020-2021 жылы оқушылардың мектепте оқытылуы ішінара ұйымдастырылды. Бірақ қатаң санитарлық тәртіпті сақтай отырып, негізгі сабақ беру үрдісі жүргізілді. Әрбір класс өз кабинетінен шықпай басқа класс оқушыларымен көп кездеспеу, ара қашықтықты сақтау талабы негізінде білім беру ұйымдастырылды.Күз айында ыстық тамақ беру жұмысы жолға қойылды. Елімізде, дүние жүзінде санитарлық жағдай тұрақталды. Ыстық тамақпен барлық АСП алатын арнайы категориядағы отбасы оқушылары қамтылды.Мектеп формасы бойынша Білім және ғылым министрлігі мектептерде бекітілген оқу формаларын сақтаудың талабын оңайлатып, қосымша №26 бұйрықта көрсетілген оқу формаларын таңдауға ,киуге рұқсат берді( үсті ақ, асты қара киімдер). Қараша желтоқсан айларында мемлекеттік қаржыландыру жоспарының 414 ерекшелігінде жоспарланған қаржы көлемінде тиісті категориядағы оқушыларға өз сұраныстары бойынша қысқы, күзгі киім-кешектер алынып беріледі. Қазіргі кезде құжаттар жасақталуда.
Қаулы:
- Мектеп түлектерімен мамандық таңдауда өндіріс, білім бағытында насихаттау жұмыстары үстемдікпен ұйымдастырылсын.
Жауапты: класс жетекшілер
- Арнайы категориядағы оқушыларды мұқтаж киім – кешектермен толық қамту ұйымдастырылсын.
Жауапты әлеуметтік педагог Е.С.Удин
Кеңес төрағасы Д.Жиентай
Кеңес хатшысы А.Ердаулетова