Лагерь оқушыларымен мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сойлеуге, қиыннан қиыстыра білуге және адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты танымдық ойын өткізілді. Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең қымбат қазына болып табылады. Оқушылар топқа бөлініп, бір-бірімен жарыса отырып, мақалдардың жалғасын тапты. Тәлімгер әрбір мақалдың мағынасын түсіндіріп өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/287-lager-o-ushylarymen-ma-al-m-tel.html#sigFreeIdf9ef3b189f
https://48-mektep.edu.kz/novosti-kz/287-lager-o-ushylarymen-ma-al-m-tel.html#sigFreeIdf9ef3b189f