"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Балалар жылы"

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
1 маусым күні мектебімізде "Бала деген- бір бақыт" атты мерекелік бағдарламада оқушылар ән салып, би билеп, асфальтқа сурет салып және де спорттық эстафета ойындарына белсенділікпен қатысты. Ұйымдастырушылар бағдарлама соңында оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттай отыра, балаларға тәттілер таратты.


Ұйымдастырушылар: Есбусинова А.Т мен Кунантаева М.