16 ақпан күні мектеп оқушылары №40 мектеп оқушыларымен волейболдан жолдастық кездесу өткізді.
Жолдастық кездесу – қала мектептері оқушылары арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, әр жеке тұлғаның өздеріне деген сенімділіктерін арттыруды басты мақсаты етіп алған.
Спорт саласын зерттеуші мамандар мен дәрігерлер сөзіне сүйенер болсақ, волейбол ойнаған кезде адам ағзасы әртүрлі қимылдарды түрлі қарқында,түрлі жылдамдықпен орындай отырып, жоғары эмоциялы жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады екен. Одан бөлек, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға,көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. Осы тараптан алғанда сабақтан тыс уақытты тиімді пайдалану мен жаңа достар табуға септігі молынан тиетін осындай шаралардың жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс-ақ.
Ал біздегі жолдастық кездесудің тартысқа толы өткені соншалық, жеңіске жету жолындағы әр ұпай оңайшылықпен келмеді. Дегенмен, жолдастық кездесудің аты жолдастық кездесу. Осы ойында екі мектеп оқушылары бір-бірімен тең түсті.
Жетекшісі: Смағұл Қ.Д
16 ақпан күні мектеп оқушылары №40 мектеп оқушыларымен волейболдан жолдастық кездесу өткізді