✅“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 14 қаңтар күні №48 ЖББОМ “Оқушыларды кітап оқуға қызықтырудың жолдары” тақырыбында жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп кітапханашысы Г. К.Арзакулова “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясындағы әдебиеттер тізімі, шетелдік әлем әдебиеттері және қазіргі ақын-жазушылардың кітаптары туралы таныстырды.
✅Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ж.Есенова осы аталған тақырып бойынша өз баяндамасын оқып, жас мамандар өз ойларымен бөлісті.
✅Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.С.Сабыр “Кітап оқытудағы ата-аналардың атқаратын рөлі” тақырыбында баяндамасын оқып, жан-жақты түсіндірді.
✅Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, шығармашылыққа баулу. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 14 қаңтар күні №48 ЖББОМ “Оқушыларды кітап оқуға қызықтырудың жолдары” тақырыбында жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді