"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп, турнирге әлемнің 62 елінен 1500 спортшы қатысқан

Осы аталған чемпионатта Ақтөбе қаласынан мектебіміздің 5-сынып оқушысы Мажитов Алишер 30 кг. салмақ дәрежесінде 2 жекпе жек өткізіп,қола медаль иеленді. Әлем чемпионатына дейін Алишер Грепплинг АИГА бағытынан облыс және республика бойынша бірінші орын алып, аталған жетістіктерінің арқасында Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі атанды. Сонымен қатар Алматы қаласында өткен Джиу джицудан ArlanGrip Koktem 2021 халықаралық жарыста алтын медаль алған болатын.
Мектеп директоры А.К.Ильясов Алишерді жеңісімен құттықтай отыра, алғыс хатпен марапаттады.
Және де эстетикалық пәндер бірлестігі мен 5-сынып ата-аналар ұжымы атынан естелік сыйлық табыс етілді.
Шәкіртіміздің алар асуы биік болсын демекпіз.