"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

9, 11-сыныптарға "Сәт сапар, жас түлек!" соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді
25.05.2021ж.күні Ақтөбе өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің нұсқауы бойынша мектеп аумағының ашық алаңында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып 9, 11-сыныптарға "Сәт сапар, жас түлек!" соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Жас түлектеріміз алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз. Сәт сапар, жас түлек!