№ 48 ЖБОМ – де «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ – нің 2021 жылғы 06 мамырдағы № 142 бұйрығын негізге ала отырып, 2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында «Жазғы мектепте білім сапасын арттыру және пандемия , шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтарының орнын толтыру» мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша ниет білдірген білім алушыларға мектеп директорының 15.05.2021 ж.күнгі № 49 а бұйрығы шығарылды, бұйрық негізінде оқыту ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда ата-аналарының өтініші негізінде 1-2 кластардан - 12 оқушы , 5-8,10 кластардан - 7 оқушы, барлығы -19 оқушының тізімі және төмендегі оқыту пәндері сауат ашу, математика, орыс тілі, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиет, химия, физика, биология бекітілді.
Жазғы мектептің оқу жұмыс жоспары және пән мұғалімдерінің орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлары нұсқаулық негізінде даярланды.
Жазғы мектеп 5 күнге , 1- кезең сағат 09.00 де басталады. Оқу пәндерінен мемлекеттік стандартқа сәйкес апталық сағат сандары бекітіліп, сабақ кестесі жасақталды.
Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, ғимаратты , оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.
Оқу кабинеттері дайын.