Бүгін №48 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Мемлекетке адал қызмет - өмірлік ұстаным" тақырыбында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, 7 - 9 класс оқушыларымен онлайн кездесу шарасы өткізілді. Кездесуге "Ақтөбе -Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сарапшысы Бушмухамбетова Дарига Рашидовна қатысып, оқушыларға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру және мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін арттыру бағытында өз ойымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.